АймақҚарқаралы

Саңырауқұлақ теріп адасқандар табылды

19 қыркүйек күні сағат 21.15-те ТЖД күштері Қарқаралы ауданының Комиссаровка шатқалында жоғалған үш саңырауқұлақ терушіні іздестіру жұмыстарын жүргізді.

1983 жылғы ер адам мен 1983 және 1991 жылдары туған екі әйел кешкі сағат 20.00 шамасында саңырауқұлақ жинау кезінде адасып кеткен. Жоғалған адамдарды іздеуге Қарқаралы ауданының ТЖ бөлімінің жедел тобы жіберілді.

23.05-те жоғалған адамдар «Медик» демалыс базасынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерден табылды. Құтқарылғандардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Қарағанды облысының ТЖД табиғатқа шығар алдында ауа райы болжамын нақтылауды, ұялы телефонды қуаттап алуды, туыстарыңызға қайда және қашан баратыныңызды хабарлауды және олармен байланыста болу қажет екенін еске салады. Сонымен қатар, сенімділік үшін өзіңізбен бірге тамақ, су және дәрі-дәрмек алуды, орманда от жақпауға кеңес береді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button