Жаңалықтар

Қарқаралы ауданында жастарға арналған коворкинг-орталық ашылды

Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылында оқушылар мен жастарға арналған заманауи коворкинг-орталық пайда болды. Оны ауылдастарына кәсіпкер Өмірзақ Қабсаттаров сыйға тартты.

Суреттер: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңа орталық пікірталас, шахмат турнирлерін өткізуге, дойбы немесе тоғызқұмалақ ойнауға, әдеби қонақ бөлмесін ұйымдастыруға және т. б. жастарды қызықтыратын орынға айналады.

– Біздің ауылда балалар мен жастар көп, екі мектеп пен балабақша бар. Енді жаңа орталықта сөз сөйлеуге, шешендік өнерді шыңдауға арналған алаң бар. Жастар жыраулардың шығармаларын үйретіп, оқи алады, оқыған кітаптары туралы пікір алмасады, көңілді және пайдалы уақыт өткізе алады. Коворкинг орталығын салған кәсіпкер басқаларға үлгі болды. Бірнеше адам хабарласып, ғимаратты жиһазбен жабдықтауға дайын екендерін жеткізді, – деді ауыл әкімі Мейірлан Сәдуақасов.

Орталықтың ашылуына орай мерекелік шара ұйымдастырылды.

Егіндібұлақта барлығы 2,5 мыңға жуық адам тұрады. Ауылда балалар мен жасөспірімдер орталығы, ДСК және басқа да әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандар жұмыс істейді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button