Қарқаралы

Қарағанды облысында ірі қарадан қарасан анықталды

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты Мартбек Мамыраев ауылдық округіндегі «Свиридов» қожалығында ірі қарадан қарасан анықталды.

Ірі қара малы
Сурет ашық дереккөзден

Мал иесінің айтуынша, мал шығыны осы жылдың 15 қазанында басталған. Алғашында уланған болар деген оймен ешкімге хабарламаған. 20 қазанда 7 бас мал шығын болған. Ол алғашқы 5 малдың өлексесін көмгізгенін жеткізді.

20 қазан күні өлген бұзаудан паталогиялық сынамалар алынып, қарасан және сібір жарасы ауруларына зерттеуге жіберілді. Сараптама актісіне сәйкес, ірі қара малдың сынамасынан қарасан ауруы анықталған.

«Мартбек Мамыраев ауылдық округінің «Қоспақ» қыстағындағы «Свиридов» шаруа қожалығы аумағында ірі қара малынан қарасан ауруы анықталуына байланысты карантин белгіленсін», – делінген ауылдық округ әкімі Ж.Әскербекұлының «Ашық» НҚА порталында жарияланған тиісті шешімінде.

Аурудың таралуына жол бермеу мақсатында мал иесіне өзге жануарларды оқшаулап ұстау ескертілген.

Басқа материалдар

Back to top button