Қарқаралы қаласындағы Құнанбай қажы мешітіне су жаңа көлік табысталды

Қарқаралы қаласындағы Құнанбай қажы мешітіне су жаңа көлік табысталды. Бас демеуші – «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Нұркен Асанов.

Қарқаралы қаласындағы Құнанбай қажы мешітіне су жаңа көлік табысталды

– Пайғамбар хадисіндегі: «Оң қолың бергенді сол қолың білмесін» деген негізгі ұстанымым. Жағдайың келіп тұрса, жақсылық жасағанның еш айыбы жоқ. Өз өзегімізді таппай, өзгені жарылқамаймыз. Осы елге, жерге тілеулес азамат ретінде ізгі іс жасадым. Осы көлік Алла үйінің игілігіне, имамның қажетіне жараса болды, – дейді Атымтай жомарт азамат.

– Қазақ қоғамында ерекше орын алатын Құнанбай қажы мешітіне жасалған зор қолдау деп білемін. Ұлыларын ұлықтап жүрген Сіздей жомарт азаматқа алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Әрдайым игі ісіңізге риза пейілді жандардың алғысы мен қуанышынан қуат алып жүре беріңіз, – деп халықтың алғысын жеткізді аудан әкімі Ерлан Құсайын.

Ел қуанышын еселеген игі шараға мешіт имамы Митератбек Құбылайханов, ақсақалдар қатысып, ақ батасын берді.

Сағыныш ӘБІЛ. 

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.