Жаңалықтар

Ар алдындағы міндет

       Облыстық ардагерлер кеңесінде елімен бірге өткен ғасырдың, қоғамдық формацияның оңды жақтарын да, ауыртпашылықтарын да бастан кешкен, жаңа ғасырдың қиын асуларын бағындырып, егемендіктің ең әуелгі басқан қадамдарын нығайтуға аянбай үлес қосып жүрген адамдар бар. Олар – мемлекетіміздің саяси және қоғамдық рөлдерін арттыруға бағытталған қызметтері мен соғыс ардагерлері және мүгедектердің мүдделерін қорғау, әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуде – ынталы.

 Ертеден белгілі тұжырым, өмірде белсенді позиция ұстаған адамдар зейнеткерлікке шыққаннан кейін де белсенді болып қала бермек. Осындай зейнеткерлер арасынан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған Клара Бейімбетқызы Аймурзина туралы айтуға болады. Ол облыстық ардагерлер кеңесі аппаратына келгенге дейін кәсіподақ саласында үлкен тәжірибе алған адам.

Өз уақытында кәсіпшілер одағының бүкілодақтық Орталық советінің Жоғары мектебін аяқтап, облсофпрофтың ұйымдастыру бөлімінде әдістемелік кабинеттің меңгерушісі болып қызмет атқарды. Еңбек адамдарына деген дұрыс көзқарас, қамқорлық, олардың мәселелеріне немқұрайлы қарамау, жанашырлық білдіру сияқты оң тәжірибелерін шебер пайдаланып, ардагерлер қозғалысында нәтижелі жұмыстарды белсенді ұйымдастыра білді.

Облыстық ардагерлер кеңесінің алғашқы төрағасы Қали Аманбаев К.Аймурзинаның жұмысқа деген ұқыптылығын, жауапкершілігін, қарым-қатынаста ашықтығын, қарияларға деген қамқорлығын жоғары бағалады. Сол себепті, 2000 жылы Клара Бейімбетқызы ардагерлер кеңесінде тұрақты комиссияға төрайым болып сайланды. Ардагерлердің қоғамдық белсенділігін арттырып, бос уақыттарын ұйымдастырды. Ұлы Жеңіс күндері қарсаңында «Ардагерлер ән шырқайды» атты байқау өткізіп, қариялардың әнге, музыкаға деген сүйіспеншілігін күшейтуге бағытталған жұмыстар жүргізді. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында облысымыздық ардагерлері республикалық «Қайран ерлер, қаhарман ардагерлер» атты байқауға қатысып, жүлдеге ие болды. Бұл – ардагерлердің белсенді өмірлік ұстамын көрсетеді.

Ұлтаралық қарым-қатынас, ұлтаралық татулықты нығайту, жастарға дұрыс бағдар беру, сонымен бірге, майданда қайтыс болған жерлестерімізге орнатылған ескерткіштер мен мемориалдарды аббаттандыру жұмыстары жіті қадғаланды.

2004 жылы облыстық кеңестің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалуы оған қосымша міндеттер жүктеді. Келіп түскен ақпаратты жинақтап, қорытындылау, тұжырымдар мен шешімдерді аудандық және қалалық кеңестерге жіберу жұмыстары оның міндеті болды. Бастауыш  ардагерлер ұйымдарының қызметтерін жетілдіруде, оны ардагерлер қозғалысының өзекті міндеттеріне орай құруға ұмтылдыру жолдарын белгіледі.

Клара Бейімбетқызы қөптеген қызықты да, тартымды тақырыптарға семинарлар өткізіп,  баяндамалар жасайтын. Әріптестерінің іс-әрекетін дұрыс бағалап, оларды қоғамдық қызметтің негізгі басымдығына бағыттауды білетін. Ынталылығымен, іскерлігімен кәсіби және ұйымдастыру, саяси-көпшілік бағыттағы жұмыстарға жаңа тәсілдер мен әдістер енгізді. Ресми құжаттар мен нұсқауларды жете меңгеріп, проблемалық мәселелерді шешуде үйлесімді шешімдер қабылдай білетін.

Республикамыздағы Парламент сайлауы қарсаныңда облысымыздан ұсынылған үміткерлердің штабына Клара Бейімбетқызы Нұр Отан партиясына қызметке шақырылды, ол жерде де ардагерлердің көптеген мәселелерінің шешімін табуға тырысып, жоғарғы деңгейде қаралуын қамтамасыз ете білді.

Соңғы жылдары облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары қызметінде де бастауыш ардагерлер ұйымдарының нығайтып, күшейуіне бағыттанған ұйымдастыру жұмыстары мен бірге жастарды патриоттық рухани сезімде тәрбилеу мәселелерімен де шұғылданды. Жастарға бүгінгідей нарық заманындағы адам кейпі қандай болуы қажеттігін де дұрыс түсіндіре білген тұлға.

Онымен қатар жұмыс істегендер мейірбандылық мінезін, адамға деген терең түсіністік, сенім білдіретінін жоғары бағалайды. Жасының үлкендігіне қарамастан, жалғыз-жарым қарияларға көмек көрсетіп, қамқорлық ететін.

Клара Бейімбетқызына өмірге деген өз сезіміңізді баяндай аласыз ба деген сұраққа ол кісі біраз ойланып, – сенің қашан, қалай өмір сүргенің маңызды емес, ешкімнің алдында есеп бермейсің ғой, тек қана өз ар ұжданыңа ғана есептісің. Әрқашан жақсылық, ізгі іс жасауға ұмтылу қажет, басқаларға пайдаң тисін, сонда өз өмірің де қызықты көрінеді, ал, бастан өткен қиыншылықтарымды шынықтырады, – деген екен.

К.Аймурзина       белсенді қоғам ардагері ғана емес, өнегелі әже. Ері мен жалғыз ұлынан айырылғаннан кейін қайғыға берілмей, өзінің аналық мейірімін немере, жиендеріне арнап, олардың өмірдегі нақты орындарын табуға көмектесті.

Жоғары жауапкершілік, адалдық пен адамгершілік – Клара Бейімбетқызының ерекше қасиеттері. Облыстық ардагерлер бірлестігінің жетістіктері мен табыстарына қосқан үлесі өлшеусіз. Көп жылғы ерен еңбегі үшін лайықты бағасын алған абыройлы еңбек ардагері. Көптеген медальдар мен Құрмет грамоталары ішінде Орталық ардагерлер кеңесінің «Ардагерлер қозғалысына белсенді қатысқаны үшін» деп аталатын «Құрмет белгісін» ол кісі ерекше бағалайды.

        Марат АМАНБАЕВ,

облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button