Жаңалықтар

Арқадан автокеруен шығады

      Ел көлемінде тойланатын Қазыбек бидің 350 жылдығы қарсаңында мәні мен маңызын жоғалтпайтын түрлі шаралар ұйымдастырылмақ. Соның бірі – «Қаздауысты Қазыбек би жолымен: Бабаларға тағзым!» атты халықаралық автокеруені.

Бүгінгі таңда автокеруеннің ұйымдастыру комиссиясы құрылып, тұжырымдамасы мен бағыты белгіленді. Аталған комиссияға керуеннің сапалық құрамы мен шығын сметасы тапсырылыпты. Сондай-ақ, «Facebook», «Instagram», «YouTube» сынды әлеуметтік желілерде «kazybekbi350» атты аккаунттар ашылып, іс-шара туралы ақпараттар жариялануда. Ал, бұл жұмыстарға жауапты – облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы.

Мұнымен қоса, автокеруен жүріп өтетін Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының әкімдеріне керуенді қолдау жөніндегі хат жіберілді. Басқарма басшылығы биылғы мамыр айында Түркістан қаласында болып, автокеруен аясындағы форумның өтетін орнымен, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі жанындағы іс-шараға арналған алаңмен, көпшілік мерекелік концерт өтетін «Түркістан» алаңымен танысып қайтты.

Қазіргі күні Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған 60 беттен тұратын 3000 даналық арнайы журнал әзірлену үстінде. Бұл журнал автокеруен баратын жерлерде таратылады.

Рауан ҚАБИДОЛДИН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button