Apple өнімдерінің қымбаттауы мүмкін екенін ескертті
Apple компаниясының бас директоры Тим Куктың мәлімдеуінше, чиптер мен жады құрылғыларының қымбаттауына байланысты компания өз өнімдерінің бағасын көтеруі мүмкін деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі @kazinform_news-ке сілтеме жасап.

Куктың айтуынша, қазіргі уақытта электроника өндірушілері жасанды интеллект саласындағы сұраныстың күрт өсуіне байланысты негізгі компоненттердің, әсіресе жад чиптерінің қымбаттауымен бетпе-бет келіп отыр. Бұл жағдай смартфондар мен басқа да Apple құрылғыларының өндірістік шығындарын арттыруы ықтимал.
Дегенмен, компания қай құрылғылардың нақты қымбаттайтыны және баға өзгерісі қашан енгізілетіні туралы әзірге нақты ақпарат берген жоқ.
Сарапшылардың пікірінше, бағаның өсуі ең алдымен жаңа iPhone модельдері мен Mac құрылғыларына әсер етуі мүмкін.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



