Жаңалықтар

Қамқорлық – қашан да маңызды

     Бұған дейін жазғанымыздай, биылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Қазақстанда дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы өтеді. Бұл ретте, облыстың білім басқармасында жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған отбасы балаларына қол ұшын созу немесе, көмек алу мақсатында «жедел желі» жұмыс жасауда.

Биыл бұл акция «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өтуде. Мұндағы басты мақсат – жаңа оқу жылында балалар киімінің, аяқ-киімнің, кеңсе тауарларының жоқтығынан мектепке бара алмауына жол бермеу.

Бұған дейінгі жылдардағыдай, биыл да аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арнап, түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылмақ. Яғни, профилактикалық рейд ұйымдастыру, киім-кешектер, мектепке қажетті құрал-жабдықтар қабылдау пунктін ашу, кәсіпкерлерді тарту арқылы төмен бағамен кеңсе тауарларын өткізу көзделген мектеп жәрмеңкесі.

Облыстың білім беру басқармасы бала, өскелең ұрпақ өміріне бейжай қарамайтын барша азаматтарды аталған акцияға қатысуға шақырады. «Жедел желі» номері – 41-22-88.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button