Жаңалықтар

АЛДЫН АЛА ҚОРЫТЫНДЫ БЕЛГІЛІ

      2011 жылғы тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2017 жылғы 28 маусымға тағайындауды қаулы еткені белгілі.

 IMG_8364Осыған байланысты Қарағанды облысында өткен сайлаудың алдын ала қорытындысы күндізгі сағат 11-ден 5 минут кеткенде белгілі болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша Қарағанды облысы бойынша Рысқали Әбдікеров 295 таңдаушының 241 дауысына ие болды. 2 таңдаушы белгілі себептермен сайлауға келмей қалды, тағы 1 бюллетень бүлінуіне байланысты жарамсыз деп танылды. ҚР «Сайлау туралы» Заңының 78 бабының екінші тармағына сәйкес аумақтық сайлау комиссиясының дауыс есептеу нәтижесінің хаттамасы екі күн ішінде ОСК жеткізілуі тиіс. Осы негізде ОСК сайлау өткеннен кейінгі жеті күн мерзім ішінде сайлау қорытындысын бекітеді.

Төрехан МАЙБАС.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button