Руханият
Алашына оралды
Осыдан бір ғасыр бұрын Алаш Орда өкіметі ту тіккен бұрынғы Алаш, бүгінгі Семей қаласында Әлихан Бөкейхан ескерткіші бой көтерді. Бұл Алаш қайраткеріне арналған республика көлеміндегі алғашқы ескерткіш екенін атап өтуге болады. Биіктігі бес жарым метрге жуық ескерткіште оң қолында асық ұстап тұрған қалпында текті тұлғаның айқын бейнесі аңғарылады.
Ұлт көсеміне арналған ескерткіш авторы – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Бақытбек Мұхаметжанов.
Республика көлемінде аталып өткен шараға елімізге танымал алаштанушылар мен тарихшылар, сенат депутаттары мен ескерткіштің бой көтеруіне атсалысқан бірқатар қоғам қайраткерлері қатысты.
Қуат ҚИЫҚБАЙ.
Семей қаласы.