Руханият

Аламанның алдынан көрінді

Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауымен Сәтбаев қаласының 50 жылдық мерейтойына орай Қаныш атындағы қалада «Кен қазған құтты мекенім» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

Суреттер ұйымдаструшылардан

Сөз барымтасы, өнер додасына республиканың түкпір-түкпірінен от ауыз, орақ тілді 14 ақын қатысты.

Осымен сегізінші мәрте ұйымдастырылып отырған жыр сайысының тізгініне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Аманжол Әлтай ие болды. Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірдің құттықтау сөзімен ашылған аламан айтыс екі күнге созылып, қазылар алқасына Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы, белгілі ақын Жүрсін Ерман онлайн режимде төрағалық етті. Құрамында филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан, «даридай» ақын атанған Мұқаш Сейтқазин,жергілікті қаламгер Мұса Тілеу, айтыс ақындары Серікзат Дүйсенғазин, Өміржан Көпбосыновтар бар қазылар алқасының шешімімен айтыстың Бас жүлдесін Мейірбек Сұлтанхан иеленсе, І-орын жерлесіміз, Қарағанды облысының намысын қорғаған Дидар Қамиевке бұйырды. Айтыстың ақтаңкері Мұхтар Ниязов пен жас талант Айым Асылбекқызы ІІ-орынды өзара бөлісті. ІІІ-орын Аспанбек Шұғатай мен Нұрлан Есенқұловтың еншісінде.

Республикалық аламан айтыс жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді деп жоспарлануда.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button