Қала қыстан қысылмайды
Облыс әкімінің міндетін атқарушы Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ – «Көркейту» ҚМК-нің тыныс-тіршілігімен танысты.
Аталған кәсіпорын арнайы 60 техниканы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы және «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында жаңадан сатып алды. Техникалар Қарағанды қаласының автомобиль жолдарын және әлеуметтік нысандарға баратын автокөлік жолдарын күтіп ұстауға арналған.
Асылбек Дүйсебаев облыстың орталық көшелерін сапалы және уақытылы тазалауға және міндетті түрде оны жыл сайын пайдалануға мүмкіндік беретін осынау техникалардың маңыздығын атап өтті.
Одан әрі Асылбек Дүйсебаев пайдалану бөлімінің жаңа ғимаратымен танысты. Онда жүргізушілер желіге шығар алдында жолсапар парағын, жанармай алып, бір терезе қағидасы бойынша міндетті медициналық тексерістен өтеді.
Асылбек Жексенбайұлы жұмыскерлермен бірқатар мәселелерді қарастырып, «Көркейту» ҚМК жаңа жұмыс күніне бастау берді. Сондай-ақ, бірнеше маңызды міндеттерді айқындап, тиісті тұлғаларға тапсырмалар жүктеді.
Өз тілшімізден.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.