Осакаров

Алғыс арқалады

      Осакаров ауданында «Ардағым – ардагерім!» акциясы жалғасын тапты.

     Жобаның мақсаты – жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті дамыту. Іс-шара 2013 жылдың қаңтар айынан бастап, бүгінгі күнге дейін жалғасуда.

    Жоба аясында жастардың тарапынан құрылған еріктілер тобы жыл бойы қарияларға көмектесіп, тұрмыс-тіршілігіне қолғабыс жасайды.

    Осы жолы Жастар ресурстық орталығының еріктілері Демекүл Берембетов ардагердің үйіне тұрмыстық көмегін көрсетті. Жастар ардагердің қыстық отынын тасып берді. Ардагердің алғысын алды.

– Біз бұл жобаны әлі де жалғастыруға әзірміз! – дейді аудан жастары.

Өз тілшімізден.

ОСАКАРОВ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button