Қарағанды

Алған әсеріміз ерекше

Елімізде «EXPO – 2017» Халық-аралық көрмесі өтуде. Үш жыл қатарынан «ең үздік мектеп» атанған Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназия оқушыларына көрмені  тамашалауға Қарағанды қаласының әкімдігі билеттер бөлді. Тамыз айында 47 оқушы үш жетекшімен, оның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен 23 оқушы, озат оқушылар, олимпиада жүлдегерлері көрмені тамашалап қайттық.

«Болашақ энергиясы» көрмесінде әлемнің барлық мемлекеттері өзінің ең үздік технологиясын және ғылыми жетістіктерін халық назарына ұсынуда. Біз әртүрлі павильиондарды аралап, әр елдің салт-дәстүрлері, жаңа технологияларымен танысып, үлкен әсер алдық. Гимназия ұстаздарына, демеушілік көрсеткен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-на және Қарағанды қаласының әкімшілігіне алғысымыз шексіз.

Айзере ҚУАНЫШБЕКОВА,

Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназияның 6 «Б» сынып оқушысы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button