Айырбастау орындарының иелері жарғылық капиталды тиімсіз пайдаланған

Ұлттық Банк қызметкерлерінің «Мемлекеттік реттеу туралы» заңына сәйкес жүргізілген кешенді тексерулер барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, айырбастау орындарының иелері жарғылық капиталынан туыстарына ұзақ мерзімге пайыссыз несие берген.


Қабылданған түзетулер бойынша филиалдарға тоқсан сайын компанияның жарғылық капиталды лицензияланған қызмет түрлерінің мақсатына пайдаланылуын бақылауға рұқсат етіледі. Екінші жарты жылдықта айырбастау орындары 140-тан астам жөнсіздікке жол берген.
Банктік емес айырбастау ұйымдарына кассаларды немесе шоттарды жеткілікті ақша қаражатымен қамтамасыз ету үшін жарғылық капиталдың мөлшерін көбейтуді міндеттеді. Бұл айырбастау орындарының жұмыстарын үздіксіз жүргізуге немесе кассада қолма-қол валюта болмай жабылған жағдайда, тұрғындар арасында негізсіз дау туғызбауға әкеледі.