Жаңалықтар

Аймақтағы ақпарат айдыны

     Қазақстанның ең ірі аймағы саналатын Қарағанды облысы өзге өңірлермен салыстырғанда медиалық тұрғыдан көшке ілесе алмай           келеді дей қою қиын. Себебі, облысымыз республика бойынша 3 орынға табан тіреп тұр. Сөйтіп, бүгінгі таңда аймағымызда 194 БАҚ құрылымы тіркелсе, соның ішінде электрондық БАҚ саны – 40, мерзімді басылымдар – 147 және ақпараттық агенттік – 7.

 Жоғарыда көрсетілген 194 БАҚ құрылымының басым бөлігі, яғни, 83,4%-ы – мемлекеттік емес. Нақты санына тоқталар болсақ, облысымыздағы мемлекеттік емес 156 БАҚ-тың 114-і мерзімді баспасөз, 5-і – ақпараттық агенттік, 37-сі – электронды БАҚ. Ал, мемлекеттік БАҚ саны – 38. Оның 36-сы мерзімді баспасөз болса, 2-і – электрондық БАҚ.

Аймақтағы ақпарат айдынының тақырыптық бағытына тоқталар болсақ, ақпараттық бақ саны – 57, жарнамалық – 68, қоғамдық-саяси – 31, діни – 7, жастар мен балалар бұқаралық ақпарат құралы – 11, ғылыми – 16.

Облысымыздағы мерзімді басылымдар мен телевизиялық өнімдердің сапасы мен деңгейі жыл санап артып келеді. Бұған дәлел Blue tinted newspapers on light background– жаңа бұқаралық ақпарат құралдарының құрылуы мен қайта ұйымдастырылуы. Ғаламтор қызметі бар БАҚ саны да ұлғаюда. Мұнымен бірге, мерзімді баспсөз басылымдарының  таралымы да көбеюде. Мәселен, қоғамдық-саяси газет журналдардың таралымы 4 мыңнан басталып, 17 мыңға дейін жетуде.

Рауан ҚАБИДОЛДИН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button