Аймақта қатты желдің екпінінен 8 үйдің шатыры ұшып кетті
Бүгін сағат 08.00-де облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірдегі жағдайға байланысты жедел штаб отырысын өткізді. Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаевтың айтуынша, қатты желдің салдарынан кейбір аудандарда шатырлар ұшып, электр сымдары үзілген.
6–7 қараша күндері Қарағанды облысында 20 м/с-тан асатын қатты желдің салдарынан 8 үйдің шатыры ұшқан.
Зардап шеккендер жоқ. Барлық жағдайларға комиссиялық сараптама жүргізіледі.
Желдің екпіні секундына 30 м/с дейін жетіп, ауа райының бұзылуына байланысты аймақтың кейбір елді мекендерінде электр қуатының үзілуі тіркелуде.
Қазір арнайы бригадалар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Электр желілерінің басым бөлігі қалпына келтірілді.
Өңірдегі тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде. Жиында қала аудан әкімдері барлығы қалпына келтірілетінін хабарлады. Электрмен жабдықтау жағдайы қазір қатаң бақылауда.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz