АймақБас тақырыпҚарағанды

Аймақ басшысы Сұрыптау көшелерінің тазалығын тексерді

Сұрыптау көшелерінде дала құрғағаннан кейін жолдарды ретке келтіру жұмыстары басталады.

Суреттер мен видео: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен қала әкімі Мейрам Кожухов бүгін таңертең Сұрыптау шағын ауданының көшелерін жаяу аралап, бақылап қайтты. Көшелер мен аулаларды санитарлық тазалау жұмысы жоспары туралы Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі Досбол Құлекеев баяндады.

 – Жалпы, 11 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Жолдардан бөлек, жергілікті билік көктем келгелі ойын алаңдарын, аула аумақтарын қалпына келтіруді де назарға алып отыр. Тұрғындардың өтініші бойынша футбол алаңы салынады, – деді Досбол Құлекеев.

– Біздің тұрғындар өз аумақтарын тазалауға шыға бастады. Біз тазалықты сақтауға тырысамыз. Міне, бүгін сенбілік жоспарланған болатын, әктеу жұмыстарымен айналысқымыз келді, бірақ ауа-райы жоспарымызды аздап бұзды, – деді шағын аудан тұрғыны Ирина Легчилина.

Облыс әкімі Сұрыптау тұрғындарына белсенділігі үшін алғысын білдіріп, аудан әкіміне алдағы күндері тазалау бойынша кемшіліктерді жоюды тапсырды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button