АймақҚарағанды

Айбынды жастар академияда бас қосты

Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған «Ғылым апталығы» өтуде. Форум аясында «Заң ғылымының қазіргі даму үрдістері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жоспарланған. Форумға облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын қатысты.

– Бүгін қазақ ғылымының атасы, ұлтымыздың аяулы перзенті – Қаныш Имантайұлының туған күні. Мемлекеттің ертеңі үшін аянбай еңбек еткен аяулы тұлғаның мерейтойы сүйікті Қарағандымыздың 90 жылдығымен қатар келіп отыр. Мерейлі мерекелермен баршаңызды құттықтаймын. Қарағанды академиясы құқықтық білім беруде отандық жоғары оқу орындары арасында үлкен дәрежеге ие. Құрметті курсанттар, жетістікке жету жолында жеңімпаздар қатарында болыңыздар. Отанға адал болып, ұлтқа қалтқысыз қызмет қылыңыздар, – деді Ерлан Бейсембайұлы.

Форумға Қазақстан және ТМД елдерінің ЖОО студенттері, мемлекеттік органдар өкілдері, жастар қатысты.
Сөз алған академия басшысы Санжар Әділов Ғылым күніне арналған шарада бірқатар академия қызметкерлеріне Алғыс хат табыстады.

Аяулым СОВЕТ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button