Ресми

Агроөнеркәсіп саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары

Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде «Antikor.Live» жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің «Антикор орталығында» Департамент басшысының бірінші орынбасары А.ОРАЗХАН мен Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы А.САНАУБАРОВТЫҢ қатысуымен ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселелері бойынша тікелей эфир өтті.

    А.Санаубаровтың мәліметі бойынша 2020 жылы республикалық бюджеттен 19 бағдарлама бойынша 19,9 млрд. теңге көлемінде субсидиялар төленді, 6 бағдарлама бойынша 11 млрд. 512 млн. теңге игерілді, облыстық бюджеттен 13 бағдарлама бойынша 8 млрд. 396 млн. теңге төленді.

    2021 жылға белгіленген лимитке сәйкес 18 бағдарлама бойынша барлығы 16,1 млрд. теңге қарастырылған. Облыстық бюджеттен 13 бағдарлама бойынша барлығы 8,5 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде өсімдік шаруашылығында 4 бағдарлама бойынша 2,7 млрд.теңге, мал шаруашылығы саласында 3 бюджеттік бағдарлама бойынша 5,8 млрд. теңге қарастырылған. Республикалық бюджеттен 5 бағдарлама бойынша 7,5.

    Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы субсидиялаумен байланысты 15 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта бұл қызметтер толығымен автоматтандырылған «Қолдау» және «Субсидиялаудың ақпараттық жүйесі» екі ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл субсидиялау бойынша қабылданатын шешімдердің транспаренттілігін қамтамасыз етеді.

    «Өсімдік шаруашылығы» бағыты бойынша бөлінген қаражат есебінен ауыл шаруашылығы дақылдарының 6 мың тоннадан астам өнімділігі жоғары тұқымдарын сатып алу қамтамасыз етілді, 493 мың литр көлемінде пестицидтерді сатып алуды субсидиялау қамтамасыз етілді және 425,1 мың га өңделді. Бұдан басқа, 5,8 мың га алаңда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен су жеткізу бойынша қызметтердің құнын субсидиялау қамтамасыз етілді, 173,4 мың га алаңда 12,7 мың тонна минералдық тыңайтқыштар сатып алу қамтамасыз етілді.

«Мал шаруашылығы» бағыты бойынша 5 659 585 мың теңге көзделген қаражат есебінен тауар өндірушілердің селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізгені және мал шаруашылығы өнімі өндірісінің құнын арзандатқаны үшін шығындарын субсидиялау жүзеге асырылатын болады.

Басқа материалдар

Back to top button