Қарағанды

Аграрлық секторда серпін бар

   Кеше Қарағанды облысында еліміздің облыстық және аудандық әкімдіктерімен бейнебайланыс режимінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ел тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесуде жер емген тұрғындар мен төрт түлігін түлеткен шаруа қауымы көкейдегі сауалын тікелей жолдауға мүмкіндік алды. Агроөнеркәсіп кешені үшін біршама жағымды жаңалық бар екен.

Сөз басында министр мырза былтырғы жылдың қорытындысын жария етті. Сонымен қатар, биылғы ахуалдан хабар берді. Министрлік таратқан мәліметтерге жүгінсек, бүгінгі таңда агроөнеркәсіп кешеніне қатысты жұмыстар жүйелі. Түйінді мәселелер тарқатылып, аграрлық сектордың ел экономикасының драйверіне айналуы үшін барлық мүмкіндіктер жан-жақты қарастырылуда. Субсидия төлеуде өзгерістер орын алып, несие беруде қолайлы шарттар жасалған.

Есепті кездесу туралы толығырақ басылымның алдыңғы сандарында жарияланатын болады.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button