Жаңалықтар
Афинада көк ту желбіреді
Афинаның ең биік нүктесі болып саналатын Ликавитос тауында Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай Қазақстанның көк туы желбіреді.
Грек аңызына сәйкес, Ликавитос тауын Акропольге апара жатқан тасты осы жерде құлатып алған Афина құдайы жасаған. Ежелгі уақытта төбеде «шыңда тұратын Зевстің» киелі орны болған деседі. Ликавитосты «Қасқыр тауы» деп те атайды екен.
Себебі, бұл атау грек тілінен аударғанда «қасқырлар тұратын тоғай» деген мәнге ие. Гректер үшін ежелгі және қасиетті саналатын жерден Қазақстан туының көтерілуі грек және қазақ халықының арасындағы достықты білдіреді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz