Жаңалықтар

АДАМ

Сайтаны азғырып,

Жұмақтан құлғанадай қуылып,

Тентіреп кеп Жерге тіреген табанды;

Бастан кешіп қауымдық,

Феодалдық- патриархалдық,

Капиталистік,

Фашистік,

Коммунистік заманды,

Орысша – «Человек»,

Испанша – «Personas»,

Ағылшынша – «Human»,

Французша – «Personnes»,

Қазақ қана: «Адам» деген – Адамды.

Көрген жұртпыз көресінді, жоқтықты.

Көрінген ит бізге неге соқтықты?!

«Інжілдегі» «Адам» деген асқақ сөз – Қазақтыкі!

Басқа тілде жоқ, тіпті!

Дүниенің ғажабы да – Біздікі!

Азабы да – Біздікі…

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button