Адам капиталы — әлеуетті күш

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматта өткен отырысында кез келген мемлекет табысының басты өлшемі адам капиталы екенін атап көрсетті. Бұл бағытта жасалып отырған қадам мемлекетке де, оның әрбір мүшесіне де пайдалы болары анық.

Кеңес отырысында медицина саласы қызметкерлерінің әлеуметтік ахуалына да назар аударылды. Жасыратын несі бар, әлемді шарпыған індет белең алғанда жоғары білікті маман тапшылығы айқын сезілді. «Осы күрделі кезеңде медицина мамандарының қажырлы еңбегіне куә болдық» деген Мемлекет басшысы Үкіметке дәрігер жалақысын биылдан бастап кезең-кезеңімен көтеруді тапсырды.  

Төтенше жағдай кезіндегі қатаң карантиндік талап медицина саласында орын алған бірқатар олқылықтың бетін ашты. Соның бірі — дәрі-дәрмекпен жабдықтау жайы болса, Кеңес отырысында отандық фармацевтиканы дамытудың жоспары жасалатыны айтылды. Күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселер қозғалды.

Жезқазған аймағының жұртшылығы үшін жағымды жаңалық — маусым басында қуаты тәулігіне 500 тест алуға жететін ПТР-зертхана ашылады. Оған қажетті құрал-жабдықты «Қазақмыс» корпорациясы алып береді.

Бұл туралы Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде облыс әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Ләззат РАНОВА,

облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 Жезқазған аймақтық өкілдігінің басшысы.