Жаңалықтар

Абаттандыру – қатаң бақылауда

      Қарағандыда абаттандыру қолға алынған алаңдар мен аулаларға халық қалаулылары арнайы барып, жұмыс сапасын сараптан өткізді. Бюджеттің 101 миллион теңгесі жұмсалып жөнделетін аулалардың талапқа сай боларына қалалық мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелеріне мердігер де уәде беріп-ақ отыр. Биыл бірден-бір тұрғындардың көзайымына айналады дейтін алаң – музыкалық академиялық комедия театры гүлзары. Содан соң, Ермеков көшесі 14/2, Можайск көшесі 9, Құрылысшылар даңғылы 19 және Карбышев көшесі 14/2 жөндеуден өтеді.

Мердігер компания «Ассар.кз» ЖШС музакадемия алыңын абаттандыруды сәуір айынан бастап қолға алған. Абаттандыру аясында алаң қоршауға алынып, жарықтандырылады. Сәкі орнатылып, шағын мүсіндер қойылмақ. Депутаттар құрылысқа қолданылатын материалдың сапасына ден қойды. Мердігердің айтуынша, бұл өнімдер отандық көрінеді. Соның ішінде, Қарағанды зауыт-фабрикаларынан шыққан өнімдер дейді. Мердігер компания өнімнің сапалы екенін айтқанымен, депутаттар мен жергілікті билік өкілдері әлі де тексерістен өткізу қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, егер екі жыл аралығында алаң абаттандырылуы сыр берсе, мердігер өз есебінен қайта жөндеуге міндетті. Ал, компания өкілдері материалдың сынақтан сүрінбейтіндігіне бек сенімді. IMG-20170619-WA0000

Дәулет ЕСЕНОВ, «Ассар.кз» ЖШС компаниясының өкілі:

Зауыттар жыл сайын өнімдерін тексеруден өткізеді. Біз қажетті материалдарды алғанда, бұл зауыттардан сапасын растайтын сертификаттар, рұқсаттық құжаттарын талап етеміз.

Ал, аталған аулаларды абаттандыруды тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы аясында іске асырмақ. Аулаларға жоба барысында асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы жөнделеді. Бейнебақылау да болады. Балалардың жасанды көгалы бар алаңы да ескеріледі. Жергілікті билік өкілдері әр жөндеу алаңында жұмыстың жүру барысын қадағалайтын техникалық, авторлық бақылаушылар болатындығын мәлімдеп отыр.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button