АбайАймақ

Абай күні аталып өтті

Жылдағыдай Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың туған күні қарсаңында Бұқар жырау ауданының орталығы Ботақара кентінде де біршама іс-шара өткізілді.Мұнда аудандық орталық кітапхана мен аудандық мұражай қызметкерлері бірлескен түрде білгірлер сайысын ұйымдастырып,оған қатысқандар сәлемдесу, қара сөз бен сөзжұмбақ шешуден сынға түсті.

Суреттерді түсірген: Данияр Торжанов

Одан әрі аудандық Мәдениет үйінде жалғасқан шара барысында көпшілікке «Абай мұрасы–халық қазынасы» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылып, сахна төрінен жергілікті өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты. Әсіресе, жұртшылық Нұрлыбек Төкеновтің ақын бабамызға арнауына сүйсіне қол соқса, Қалиасқар Шыныбектегі Абай әндерін нәшіне келтіре орындады.

 Шара соңында оған белсене қатысқандар дипломдармен және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.

Ержан ИМАШ,

Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button