Тарих

” Ақ орамал”- антиядролық үндеу

Жуырда Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІV саммитте жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін қолдау мақсатында «Ақ орамал» республикалық акциясына арналған дөңгелек үстел өтті.

Облыстық ҚХА хатшылығының басшысы Е.Құсайын атап өткендей, аталмыш акцияға себепкер Қазақстан халқы Ассамблеясы екені белгілі.

Қарағанды облысының мемлекеттік архиві мекемесі ұйымдастырып отырған іс-шараға соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері кеңесінің, әскери-интернационалистер кеңесінің, аналар кеңесінің, іскер әйелдер ассоцациясының өкілдері, сондай-ақ, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушылары, діни конфессия, ұлттық-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

«Ақ орамал» акциясы аты айтып тұрғандай, халқымыздың ежелгі дәстүрі – татуластыру салтын меңзейді. Әйел-ананың басындағы орамалын шешіп, жауласушылардың ортасына тастауы – олардың жанжалды тоқтатуына себеп болған.

Іс-шараның идеологиялық мазмұнына сәйкес, мемлекет басшысының «Әлем.ХХІ ғасыр» манифесінде алған қойған міндеттер де бітімгершілікті нұсқайды. Ұйымдастырушылар аталмыш акцияның мақсатына сәйкес, елдің барша азаматтарын «Ақ орамалды» өткізе отырып, олардың этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан бейбітшілік идеясы аясына шоғырлануға шақырды.

Мемлекет Басшысы Н.Назарбаев өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін бүкіл әлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, өнер қайраткерлерінің, ғалымдарының күш-жігерін жұмылдыруға үндеді.

Ауқымды жиын, мәнді мәслихат барысында «Әлем – бейбіт ғаламшар» атты тарихи-құжаттамалық көрме, әлемдегі террорлық күреске қарсы деректі фильм көрсетілді.

Мирас АСАН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button