АймақБалқашҚайырымдылық

Қарт ананың қарашаңырағы жөнделді

Биыл күз айында Балқаш қаласының тұрғыны, үш бала мен қарт ананың қамқоршысы «Коунрад» корпоративтік қорынан («Сары Казна» ЖШС және «Медная компания Коунрад» ЖШС құрған) көмек сұраған екен. Қор басшылығы ананың өз күшімен салған үйінің ішін абаттандыру туралы өтінішіне құлақ асып жөндеу жұмысын жүргізді.

Балқаш

Қараша айының соңында үй иелері жөндеу жұмысы жасалған баспанаға кірді. Лондон қаласынан осы салтанатты іс-шараға арнайы келген «Коунрад» корпоративтік қорының президенті Ник Ширли қатысып, отбасыға бақыт пен байлық тілеп, жылы ошақтың символы ретінде жаңа асүй пешін сыйға тартты.

Айта кетейік, жөндеу жұмысы барысында «Медная компания Коунрад» ЖШС құрылыс бригадасының қызметкерлері еденді бетонмен тегістеп және газоблоктардан ішкі қабырғаларды тұрғызған. Төбені оқшаулау және керу, электр қуатын жеткізу және монтаждау, қасбеттерді, үй ішіндегі қабырғаларды сылау, шатырды сайдингпен қаптау, пластикалық терезелерді, ішкі және кіреберіс есіктерді орнату, сонымен қатар суық су құбырын, септикті, жылыту жүйесін, қазандықтары бар ванна бөлмесін орнату және көптеген басқа жөндеу жұмыстарын атқарған.

Жоба екі жарым ай ішінде жүзеге асырылып, құрылысшылар күн суытқанға дейін барлық жұмыстарды аяқтады. Бұл қайырымдылық көмекке барлығы 10 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды.

Нұрдос Кәрім

БАЛҚАШ

Басқа материалдар

Back to top button