Бас тақырыпЖаңалықтар

Құсбегілер «Салбұрын – 2026» турнирінде бақ сынады

Шет ауданында ұлттық спорт пен құсбегілік өнерді дәріптеуге арналған «Салбұрын – 2026» ашық турнирі өтті. Дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен 70-тен астам спортшы қатысып, бүркіт, қаршыға және ителгі салу бойынша бақ сынады.

Сурет life.09

Турнир барысында құсбегілер қыран құстарды баптау шеберлігі мен тәжірибесін көрсетіп, өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысында қаршыға, ителгі және бүркіт сайыстары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болды.

Қаршыға сайысы:

  • 1-орын – Алматы қаласы, Ермұхан Баятбай;
  • 2-орын – Жамбыл облысы, Серікболсын Жалғасұлы;
  • 3-орын – Қарағанды қаласы, Серік Кәріп.

Ителгі сайысы:

  • 1-орын – Астана қаласы, Ерлан Кенжетаев;
  • 2-орын – Қарағанды қаласы, Темірәлі Төлегенұлы;
  • 3-орын – Самал Төлегенұлы.

Бүркіт сайысы:

  • 1-орын – Жамбыл облысы, Серікболсын Жалғасұлы;
  • 2-орын – Астана қаласы, Ерасыл Серікбекұлы;
  • 3-орын – Ақмола облысы, Шыңғыс Уалихан және Қарқаралы ауданы, Бақтығали Ерік.

Құсбегілік – халқымыздың табиғатпен біте қайнасқан өмір салты мен бай мәдениетін танытатын өнер. Осындай жарыстар ұлттық дәстүрді жаңғыртып, жас ұрпаққа ата-бабадан қалған асыл мұраны насихаттауға жол ашады.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button