Бас тақырыпЖаңалықтар

Қазақстанда «Халықтық құрылыс» бағдарламасы іске қосылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды көздейтін бастамаға «Халықтық құрылыс» деген атау беруді ұсынды. Бағдарлама аясында елді мекендерге газ бен таза ауыз су жеткізіліп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы жаңғыртылады.
Сурет Ақордадан

Президенттің айтуынша, Үкімет жыл соңына дейін нақты жобалардың бастапқы тізімін әзірлейді. Ол барлық өңірді қамтуы керек.

– «Халықтық құрылыс» бағдарламасы азаматтардың әл-ауқатын арттыратын, кәсіпкерліктің өркендеуіне, дамуына, ұлттық экономиканы жандандыруға зор ықпал ететін төл тарихымыздағы ең үлкен инфрақұрылымдық жоба болмақ, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бастама жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік беретінін атап өтті. Жоба жүз мыңдаған адамды жұмыспен қамтып, оның игілігі ел тұрғындарына, әсіресе, жас ұрпаққа тиеді деп күтілуде.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button