Бас тақырыпЖаңалықтар
Қарағандылық Алан Құрманғалиев Бейжіңдегі турнирде жүлдегер атанды
Қарағандылық үстел теннисшісі Алан Құрманғалиев Қытай астанасы Бейжіңде өткен WTT China Youth Smash халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҰОК.

Қазақстан құрамасының өкілі U19 санатында сынға түсті. Жарыс барысында спортшы алты кездесуде жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.
Жартылай финалда Алан Құрманғалиев Қытай теннисшісі У Ифэймен кездесіп, тартысты ойында 4:3 есебімен басым түсті.
Ал финалда тағы бір қытайлық спортшы Тан Ижэньмен бақ сынады. Шешуші кездесуде қарсыласына есе жіберген қарағандылық теннисші турнирді күміс медальмен аяқтады.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



