Бас тақырыпСпорт

Елена Рыбакина әлемнің 1-ші ракеткасы атанды

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингінде бірінші орынға көтерілді.

Сурет теннис федерациясынан

Бұл қазақстандық теннисшінің US Open-2026 турнирінің жартылай финалына шығуының арқасында мүмкін болды. WTA-ның live-рейтингінде Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенкодан озып, жаңа көшбасшы атанды. Рейтингтің ресми жаңартылған нұсқасы дүйсенбі, 14 қыркүйекте жарияланады.

Осылайша, Елена жекелей сында әлемдік рейтингті басқарған Қазақстанның тұңғыш өкілі атанды.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button