ҚарқаралыАймақБас тақырып

Қарқаралыда бұлан фототұзаққа түсіп қалды

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлерінің хабарлауынша, орманды мекендейтін ең ірі жануар болғандықтан, бұланды басқа тұяқты жануарлармен шатастыру қиын.

Сурет Қарқаралы ұлттық паркінен

Бұланды ұзын аяқтары мен ірі дене бітімінен оңай тануға болады. Ал аталықтарының басты ерекшелігі – жалпақ әрі үлкен мүйіздері. Салмағы бірнеше жүз келіге жететін бұлан соған қарамастан орман ішінде еркін қозғалады.

Орман алқаптарында және су айдындарының маңында мекендейтін жануар дене тұрқы ірі болғанына қарамастан, адамдардан аулақ жүруге тырысады. 

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Фотоға түсініктеме: Қарқаралы ұлттық паркі

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button