Қазақстан халқының саны 20,6 миллионнан асты
Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша елдегі халық саны 20 604 819 адамға жеткен.

Жыл басынан бері халық саны 104 997 адамға өскен. Оның ішінде 10 531 747-сі – әйелдер, 10 073 072-сі – ерлер.
Қала тұрғындарының саны 13,2 миллионнан асса, ауылдық жерлерде шамамен 7,4 миллион адам тұрады. Тамыз айында ауыл халқының саны 21 652 адамға азайған.
Халық саны ең көп өңірлер мен қалалар қатарында Алматы қаласы – 2,3 миллион, Түркістан облысы – 2,1 миллион, Астана қаласы – 1,6 миллион, Алматы облысы – 1,6 миллион және Шымкент қаласы – 1,3 миллион тұрғынмен көш бастап тұр.
Демографиялық өсім мен ішкі көші-қонның артуы қалалық инфрақұрылымға түсетін жүктемені де көбейтіп отыр. Осыған байланысты елде қалаларды дамыту және инфрақұрылымды кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
Мәселен, Астананың бас жоспары жаңартылып, 2035 жылға қарай елорда халқының саны 2 275 000 адамға жетеді деген болжам жасалған.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



