Бұқар жырауАймақ

Нұрқазғандық кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Кеншілер күні қарсаңында Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын Нұрқазған кенішіне барып, еңбек ұжымын кәсіби мерекемен құттықтады.

Сурет ұйымдастырушылардан

Аудан басшысы кеншілердің еңбегі ел экономикасының дамуына, өндірістің тұрақты жұмыс істеуіне қосылған маңызды үлес екенін атап өтіп, жауапты әрі қажырлы еңбектері үшін қызметкерлерге алғыс білдірді.
Мерекелік іс-шара барысында бірқатар кеншіге облыс әкімінің атынан Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар табысталды.

Нұрқазған кеніші 2003 жылы іске қосылып, қазіргі таңда жерасты тәсілімен жұмыс істеп келеді. Бүгінде кәсіпорында 700-ден астам адам еңбек етеді.
Мерекелік шара аясында кеншілерге арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті.

Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы

Автор: Ержан ИМАШ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button