Ресми

Президент Вице-президент пен Премьер-министрдің кандидатураларын қашан ұсынатынын айтты

Мемлекет башысы бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында Вице-президент пен Премьер-министрдің кандидатураларын қашан ұсынатынын айтты.

Сурет Ақорда

-Ата заңға сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады. Сондықтан Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң мен өздеріңізге Вице-президенттің және Премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгіземін. Содан кейін сіздермен ақылдасып, Үкімет мүшелерін тағайындаймын. Сонымен қатар жаңа лауазымды – Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындаймын, – деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Құрылтай мен Үкімет құрамы толық айқындалған соң жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

-Жолдауда көтерілген барлық бастаманы атқарушы және заң шығарушы билік өкілдері бірлесіп, уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруға тиіс. Лауазымды тұлғалардың бәрі, әсіресе, қызметіне енді кірісетін азаматтар алдымызда тұрған ортақ мақсат-міндеттерді білуі керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Фотоға түсініктеме: Ақорда

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button