АймақЖаңалықтар

Қоғамдық тәртіп пен заң талаптары сақталуда

Қарағандыдағы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде орналасқан №66 сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Таңғы уақыттан бері учаскеге келіп, өз таңдауын жасаған тұрғындардың қарасы үзілген жоқ.

Сурет сайлау учаскесінен

Сағат 17:00-дегі мәлімет бойынша сайлау учаскесіндегі ахуал тұрақты. Учаске төрағасы Азиз Зұлхарнай дауыс берушілер легі әлі де жалғасып жатқандығын айтады. Ал, байқаушылар сайлау үдерісінің ашық әрі заң талаптарына сай өтуін жіті бақылауда.

– Бізде жағдай тұрақты. Дауыс берушілердің қатары әлі де үзілген жоқ. Тұрғындар келіп, өз таңдауын жасап жатыр. Байқаушыларымыз сайлау процесін мүлт жібермей қадағалауда. Қазіргі уақытқа дейін заң бұзушылықтар тіркелген жоқ, – деді учаске төрағасы Азиз Нұрланұлы.

Дауыс беру науқаны белгіленген тәртіппен жалғасып, қоғамдық тәртіп пен заң талаптарының сақталуы қамтамасыз етілуде.

Ербол ЕРБОЛАТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button