Балқаш қаласындағы №215 Құрылтай сайлау учаскесінде ел болашағы үшін маңызды таңдауды жүзеге асыруға жастар да белсенді атсалысты. Солардың қатарында Балқаш қаласы Жастар ресурстық орталығының басшысы Тоқтар Амантай да бар.

Құрылтай сайлау учаскесіне арнайы келген Тоқтар Амантай жастардың ел өміріндегі белсенділігінатап өтіп, бүгінгі саяси науқанның маңыздылығына тоқталды.
–Бүгінде Балқаш қаласында 20 мыңға жуық жасбар. Жастар – қоғамның қозғаушы күші, елдің ертеңін айқындайтын буын. Сондықтан, олардың қоғамдық-саяси өмірге араласуы, өз таңдауын жасауы өте маңызды. Бүгін жастарымыздың да Құрылтай сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық ұстанымын білдіріп жатқанын көріп отырмыз. Бұл – қуантатын жағдай, – деді Тоқтар Амантай.
Оның айтуынша, ел болашағына қатысты әрбіршешім азаматтардың белсенділігі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты.
Нұрдос КӘРІМ
«Ortalyq Qazaqstan»
БАЛҚАШ



