Корея мен Жапонияда Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру учаскелері ашылды
Оңтүстік Корея мен Жапонияда Құрылтай сайлауына дауыс беруге арналған сайлау учаскелері ашылды. Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары алғашқылардың бірі болып дауыс беру мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Ortalyq.kz Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Сеулдегі №422 және Токиодағы №425 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де жұмысын бастады.
Қазақстаннан тыс жерде орналасқан барлық сайлау учаскелері Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері аумағында ұйымдастырылған.
Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары еліміздің дипломатиялық өкілдіктері жанынан құрылған учаскелерде өздерінің сайлау құқығын пайдалана алады.
Еске салайық, 1 шілдеде Қазақстан Президенті Құрылтай сайлауын 23 тамызға тағайындаған болатын.
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың жеті саяси партия ұсынған партиялық тізімдерін тіркеді. Барлығы 545 кандидат тіркелді, ал Құрылтай құрамына 145 депутат кіреді. Осылайша, бір депутаттық мандатқа орта есеппен 4 кандидаттан келеді.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



