Бүгін кешкілік Абай қаласының саябағында Абай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен музыкалық ойын-сауық бағдарламасы болып, ол балалар мен ересектердің басын қосты.

Бұл ойын-сауық бағдарламасына арнайы шақырылған танымал әншілер Нұрлан мен Арайлым өнер көрсетіп, түрлі ойындар, байқаулар өткізіліп, би батлдар мен флешмобтар ұсынылды.

Саябақтағы ойын-сауық соңы би кеші мен көпшіліктің сейіл-серуеніне ұласты.
Ержан ИМАШ
Абай қаласы



