БалқашАймақБас тақырып

Балқаш көлінде алғаш рет «Pikeman» жаппай жүзу жарысы өтті

«Balkhash Tour Fest» фестивалі аясында Балқаш көлінде алғаш рет ашық суда жүзуден «Pikeman» жаппай жарысы ұйымдастырылды. Ауқымды спорттық шараға өңір тұрғындары мен еліміздің түрлі қалаларынан келген әуесқой және кәсіби спортшылар қатысты.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ   

Жарыс екі қашықтық – 1 және 3 шақырым бойынша өтті. Қатысушылар Балқаш көлінің ашық айдынында бақ сынап, төзімділік пен шеберліктерін көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және Балқаштың туристік әлеуетін арттыру.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұркен Нұратов мұндай жарыстар өңірде спорттық туризмді дамытуға серпін беретінін атап өтті.

– Балқаш көлінде алғаш рет өткізіліп отырған бұл жарыс спорт сүйер қауымның қызығушылығын тудырды. Алдағы уақытта ашық суда жүзу бойынша республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік бар. Балқаштың табиғи ерекшелігі мен қолайлы жағдайы мұндай бастамаларды жүзеге асыруға толық негіз болады, – деді ол.

Жарысқа қатысушылар көл жағалауындағы ерекше атмосфера мен жоғары деңгейдегі ұйымдастыру жұмыстарына оң баға берді. 

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button