РесмиБас тақырып

Қазақстанда сарбаздар өмірі жайлы алғашқы инстасериал жарыққа шықты

Қазақстанда алғаш рет мерзімді әскери қызметшілердің өміріне арналған инстасериал көрерменге жол тартты. «1.26» атты жаңа жоба бүгін көрсетілді. 

Сурет ұйымдастырушылардан

Сериалда әскер қатарына шақырылған жас сарбаздардың күнделікті тыныс-тіршілігі, әскери қызмет барысында кездесетін қиындықтары мен өмірлік сынақтары баяндалады. Сонымен қатар, олардың достыққа деген адалдығы, өзара қарым-қатынасы және азаматтық өмірден әскери тәртіпке бейімделу кезеңі көрініс табады.

«Бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» қағидасы жас жігіттердің достығын сақтап қала ала ма, әлде әскери қызмет олардың жолын екіге айыра ма? Бұл сауалдың жауабы жаңа инстасериалдың негізгі желісіне айналған.

Жобаны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі әзірлеген. Авторлар әскери қызметтің қыр-сырын заманауи форматта көрсетіп, жастарға сарбаз өмірін жақыннан таныстыруды мақсат еткен.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button