Мұрат Тілеубердиев Қарағанды облысының прокуроры болып тағайындалды
Әділет органының аға кеңесшісі Мұрат Әжінұрұлы Тілеубердиев Қарағанды облысының прокуроры лауазымына тағайындалды. Бұл жайлы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұрат Тілеубердиев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Қазақ мемлекеттік заң университетін тәмамдаған.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1999 жылы бастаған. Қызмет барысында Алматы қаласы прокуратурасында түрлі лауазымдарды атқарды, Әуезов және Алмалы аудандарының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары болды. Әр жылдары мемлекет мүддесін сотта қорғау бағытындағы бөлімшелерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрлық даму департаментіне жетекшілік етті.
2023 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Түркістан облысының прокуроры қызметін атқарған.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



