АймақБас тақырып
Қарағанды диқандары егіс науқанын табысты аяқтады
Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында көктемгі егіс жұмыстарын қорытындылау және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл жайлы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Кеңесте еңбек өнімділігін арттыру, аграршыларды қолдау, ветеринариялық қауіпсіздік және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері қаралды.

Биыл Қарағанды облысында көктемгі дала жұмыстары толық аяқталып, ауыл шаруашылығы дақылдары 1 млн 231,2 мың гектар алқапқа егілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 50 мың гектарға артық. Жиында мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мен агроөнеркәсіп саласына заманауи технологияларды енгізу мәселелері де талқыланды.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



