АймақБас тақырып

Қымыздан балмұздақ жасаған кәсіпкер жұртты таңғалдырды

Фестивальдегі көпшіліктің назарын аударған ерекше өнімнің бірі – қымыздан жасалған балмұздақ. Абай облысы, Семей қаласынан келген Айдын Серікқазыұлы ұлттық сусынды жаңа форматта ұсынып, қонақтарға тосын дәм татқызды.

Суретті түсірген автор

Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс 2019 жылдан бері қолға алынған. Бүгінде «Qymyz ice cream» атауымен танылған өнім қымыз бен саумал негізінде дайындалады. Кәсіп иелері ұлттық сусынның табиғи дәмін сақтай отырып, оған түрлі жеміс-жидек қосу арқылы балмұздақтың 18 түрлі дәмін әзірлеген.

– Біздің мақсатымыз – қымызды тек дәстүрлі сусын ретінде ғана емес, заманауи өнім ретінде де таныту. Қазір қымыздан және саумалдан жасалған балмұздақтың екі түрін шығарамыз. Әртүрлі жеміс-жидек қосу арқылы 18 дәм ұсынып отырмыз. Өнім Қазақстан бойынша 12 қалада сатылымға шықты. Алдағы уақытта көршілес Қырғызстан мен Ресей нарығына шығару бағытында да жұмыс жүріп жатыр, – дейді Айдын Серікқазыұлы.

Бұл бастама ұлттық өнімнің жаңа нарыққа бейімделіп, жастар талғамына сай түрлене бастағанын көрсетеді. Қымыздың құндылығын сақтай отырып, оны балмұздақ секілді көпшілікке қолжетімді әрі қызықты өнімге айналдыру – отандық кәсіпкерлердің ізденісі мен ұлттық бренд қалыптастырудағы ұмтылысының бір көрінісі.

Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН
Нұрасыл АМАНЖОЛ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button