ҚарқаралыАймақБас тақырып
Қарқаралы ауданында өрт сөндіруге арналған 3 бекет салынады
Қарқаралы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында биыл үш жаңа өрт сөндіру бекетінің құрылысы басталады.

Жаңа нысандар Темірші ауылдық округінің Татан ауылында, Абай ауылдық округінің Айнабұлақ ауылында және Мәди ауылдық округінің Айрық ауылында салынады. Әрбір өрт сөндіру бекетінің құрылысына аудандық бюджеттен 45 миллион теңгеден қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстары келесі айда басталады.
Бұдан бөлек, ауданда төтенше жағдайлар қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жалғасуда. Алдағы уақытта қосымша өрт сөндіру бекеттерін салу да жоспарланып отыр.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



