Киікті ауылына «Алкогольсіз ауыл» мәртебесі берілді
Қарағанды облысы Шет ауданының прокуратурасы «Құқықтық өмір салты» жобасы аясында Шет ауданындағы Киікті ауылына «Алкогольсіз ауыл» мәртебесін берді.

Бұл бастама ауыл тұрғындарының кең қолдауына ие болып, қоғам тарапынан оң бағаланды. Тұрғындар қоғамдық тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шараларға белсенді қатысып, жоғары азаматтық жауапкершілік танытты.
Жоба шеңберінде ауыл тұрғындары арасынан арнайы елші айқындалды. Ол халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық жауапкершілік қағидаттарын насихаттау мақсатында тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізетін болады.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, аталған бастаманы жүзеге асыру алдағы уақытта да жалғасады. Бұл жұмыстар тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және қолайлы әрі қауіпсіз әлеуметтік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Шет ауданының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңдылықты қамтамасыз ету және салауатты өмір салты құндылықтарын дәріптеу бағытындағы іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыруда.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz



