Қоғамдық сана: қайта жаңғыру үдерісі
“Саяси тұрақтылық пен қоғамдық консенсустың арқасында біз үш базалық сала – экономиканы, саясатты сананы жаңғыртуға кірістік”.
ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
2017 жыл аса маңызды оқиғаларға толы болды. Ең алдымен бұл – Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы. Сонымен қатар, «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі, Мемлекеттік рәміздердің – 25 жылдығы, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің – 25 жылдығы, кемеңгер тұлға Қазыбек би Келдібекұлының – 350 жылдығы сынды айтулы оқиғалар тағы бар.
Осы оқиғаларға орай, облысымызда 3000-ға жуық шара ұйымдастырылды. Оның барлығы Қарағанды облысының бұдан әргі ішкі саяси тұрақтылығын кемелдендіруге, ел бірлігін нығайтуға, қоғамды ұйыстыруға бағытталды.
Ішкі саясат басқармасы қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі – бағдарламалық құжаттардың негізгі ережелерін, осы құжаттарды тұрғындар арасында жүзеге асыру кезіндегі атқарушы органдардың қолданған шараларын ақпараттық-түсіндіру болып табылады.
Осы мақсатта облыста 19 ақпараттық топ жұмыс жасап (облыстық – 1, қалалық, аудандық – 18), оның құрамына 722 насихаттаушы енген. Жалпы, есеп беру кезеңінде барлық ақпараттық топтар 525 мың адамды қамтыған 5000 кездесу өткізді.
Айта кету керек, түсіндірме жұмыстарына ел көлемінде танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар, шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатарынан дәріскерлер тартылды. Сөйтіп, өткен жылы облыстың қоғам өкілдері Әскери-стратегиялық зерттеу орталығының сарапшысы Уалитхан Қабышевпен, белгілі жазушы, қоғам қайраткері Рахымжан Отарбаевпен, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының Бірінші орынбасары, «Алаш» халықаралық сыйлығының иегері Ғалым Жайлыбаймен, «Айқын» газетінің Бас редакторы, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Президент сыйлығының иегері Нұртөре Жүсіппен кездесті.
2017 жылы осындай деңгейлі 30 лектормен кездесулер ұйымдастырылды. Бұл дәрістерге 4,5 мың адам қатысты.
Бұдан өзге, мемлекеттік органдардың үкіметтік емес сектормен әріптестігін дамытуға да үлкен көңіл бөлінді.
Бүгінгі таңда облыс аумағында 14 бағыт бойынша жұмыс жасайтын 1187 үкіметтік емес ұйым тіркелген.
Үкіметтік емес ұйымдарды тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге тарту мақсатында мемлекеттік органдармен облыста әлеуметтік тапсырыс құрылуда.
Жалпы, облыстағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды қаржыландыру көлемі – 1,7 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде, ішкі саясат басқармасы бюджетіндегі бұл көрсеткіш – 28,3 млн. теңгеге жетті. Сөйте тұра, аталған қаражаттың 70%-дан астамы тұрғындардың әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған тобын қолдауға бағытталды. Ал, бұл өз кезегінде ардагерлерге, мүгедектерге, жетім балаларға, зорлық-зомбылық көрген әйелдерге деген шынайы көмек пен қолдау екені белгілі.
Бұдан бөлек, мемлекеттік органдардың қоғамдық институттармен қызметі консультативтік-кеңестік органдар, үнемі қызмет ететін комиссиялар, дөңгелек үстелдер негізінде жүргізіледі. Аталған шараларда үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, саяси партиялардың облыстық филиалдарымен, кәсіподақтармен, этно-мәдени бірлестіктермен бірлесе отырып, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері қаралады.
Мұндай әрекеттестік нәтижесінде қоғамдық-саяси маңызы бар мәселелерді шешу кезіндегі атқарушы органдардың сенімді серіктестеріне айналғандар қатарында соғыс және еңбек ардагерлері, Ауған соғысы ардагерлері Кеңесі, Қарағанды облысының кәсіпкерлер Қауымдастығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы бар.
Қарағанды облысының үкіметтік емес сектор өкілдері кез келген күрделі мәселелерді шешуге қауқарлы екендіктерін дәлелдеді. Соның ішінде, жалпымемлекеттік бағдарламалар да бар. Мәселен, Гүлнар Құрбанбаеваның төрағалығындағы «Қарағанды облысының Азаматтық Альянс қауымдастығы» «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қарағанды облысындағы Жобалау офисіне басшылық етіп, жыл көлемінде облысымыздағы барлық басқармалармен, қала және аудан әкімдерімен өзара әрекеттесу нәтижесінде осынау күрделі жұмысты ұтымды үйлестіре білді.
Айта кету керек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017-2022 жылдары облысымызда 430 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оның 169-ы 2017 жылы жүзеге асты. Биыл 238 жобаны қолға алу жоспарда бар.
Ішкі саясат басқармасы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттестікке аса зор көңіл аударады.
Бүгінде Қарағанды облысы ең бір медиялық аймақ ретінде өз тұғырында. Облыс аумағында – 194 БАҚ тіркелсе, оның 79,9%-ы мемлекеттік емес.
Тәуелсіз әлеуметтік зерттеулер қорытындысы көрсеткендей, нақ осы бұқаралық ақпарат құралдары тұрғындарымыздың негізгі ақпарат алу көзі болып табылады екен. Бұл ретте, қазақстандық телеарналар мен отандық газеттерге артықшылық берілуде.
Мұның барлығы бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көретін ақпарат сапасы мен нақтылығына деген жауапкершілікті арттыра түседі.
Есеп беру жылы бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, біз 20-ға жуық медиа-жоспар жасадық.
Өз кезегінде, Орталық коммуникациялар қызметі – мемлекеттік органдардың, БАҚ өкілдерінің және тұрғындардың өзара әрекеттестігін дамытуға бағытталған жемісті әңгімелесу алаңына айналды. «Saryarqa» арнасының тікелей эфирінде қала және аудан әкімдерінің, облыстық басқармалардың, ұлттық компаниялардың бірінші басшылары қатысқан 46 баспасөз мәслихаты өтті.
БАҚ мәселелері жөніндегі Қоғамдық Кеңес те жемісті жұмыс жасауда. Ішкі саясат басқармасы бұл Кеңестің жұмыс органы болып табылады. 2017 жылы мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың өзара қарым-қатынасы қарастырылды, мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінің жұмысын күшейту бойынша ұсыныстар берілді.
Басқарма бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасындағы Қарағанды облысы әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығын беруде байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады. 2017 жылдың 28 маусымында осы сыйлықты салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Байқау 10 жылдан астам уақыт өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында 174 журналист сыйлық алды.
Ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында ішкі саясат саласында басқарма жалпы тиражы 4000 дана 4 жинақ шығарды, 5 семинар өткізді, әр түрлі бағыттар бойынша 18 әлеуметтік зерттеулер өткізді.
2018 жыл да маңызды-қоғамдық шараларға толы болмақ.
Үстіміздегі жылдың 10 қаңтарында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.
Биыл еліміз ғажайып Астанамыздың 20 жылдығын тойламақ.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өзінің өзектілігін жоймайды және басты назарда болмақ.
Қазақ халқының кемеңгер ұлдарының бірі – Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы, белгілі композитор Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығы тойланады.
Облыстық деңгейдегі іс-шаралар қатарына Нұра және Шет аудандарының 90 жылдығы, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің 80 жылдығы, «Сарыарқа» телеарнасының 60 жылдығы кірді.
Бұл – біздің тарихымыз. Осы атаулы күндерге құрметпен қарап, туған өлкеміз және бүкіл еліміз үшін осы күндердің ролі мен маңыздылығын ашу үшін барлық мүмкіндікті жасау керек.
Елбасының көреген саясатының арқасында Қазақстан бұрын соңды болмаған жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздің халықаралық деңгейдегі беделі күн санап артып келе жатыр. Экономикасы нығаюда. Қоғамдық сананы жаңғырту процесі жүруде. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, біздің жетістіктеріміздің негізі – саяси тұрақтылықта. Біз осы тұрақтылықты сақтап, оны болашақ ұрпаққа сол қалпында табыстау үшін барлық мүмкіндікті жасауымыз керек.
Н.Рыстин,
Қарағанды облысының
ішкі саясат басқармасының басшысы.



