ҚарағандыРуханият

Тәттімбет колледжінде – жаңа басшы

Қазақ ән өнерінің дүлділі, дәстүрлі әнші Сержан МҰСАЙЫН Қарағандыдағы қазақ өнерінің қара шаңырағы, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің директоры лауазымына тағайындалды.

Сержан Мұсайын – Арқа дәстүрлі ән мектебінің ірі өкілдерінің бірі. Ғажап сарынымен, тамаша орындаушылық қабілетімен көзге түскен дара талант иесі. Бірнеше республикалық, халықаралық әншілер байқауынан қара үзіп шығып, лауреат атанған.

Ол осы қызметке тағайындалғанға дейін аталған оқу ордасының «Домбырамен ән салу» бөлімінің меңгерушісі қызметін абыроймен атқарды.

Жаңа басшыға жаңа қызметте шығармашылық табыстар тілейміз!

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button