Жаңалықтар

93 сәби дүниеге келді

    Бүгінгі күнде демографиялық жағдайды жақсарту мақсатында ана мен бала денсаулығын қорғауға баса назар аударылып келеді. Мұны Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

    Мамандардың айтуынша, жылдан-жылға бала туу көрсеткіші өскен. Мәселен, облыс бойынша 31 желтоқсан мен 1 қаңтар күндері 93 сәби дүниеге келген.

31 желтоқсан күні 53 бала дүние есігін ашты. Олардың 30-ы ұл, 23-і қыз. Ал, 1 қаңтар күні туған сәбилердің саны 40-қа жетті. Аталмыш күні туған бөбектердің 21-і ұл, 19-ы қыз болды. Нәрестелердің де, аналарының да жағдайлары жақсы, – дейді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

     Бауы берік болсын!

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button